Жәнібек Әлімханұлы: Маған чемпиондарды рингке кіргізіп берсе болды
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) чемпиондық жекпе-жекке шығуды асыға күтіп жүргенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
– Бапкерлер мен жанкүйерлер маған сенетінін, үміт артатынын жақсы білем. Сезінемін. Бұл жауапкершілікке жауапкершілік қосады. Сіздердің сенімдеріңіз қанаттандырады. Мақсатқа жылдам жетуге талпындырады. Бұйыртса біз бірге тарих жасаймыз. Жанкүйерлеріме ерекше алғыс айтамын.
Маған чемпиондарды рингке кіргізіп берсе болды. Ары қарай не істеу керектігін өте жақсы білемін. Сол күнді асыға күтіп жүрмін!, - деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 9 қазанда өткізеді. Оның қарсыласы орта салмақтағы рейтингте топ-15-ке кіретін боксшының бірі болуы керек еді. Бірақ ол қарсыласы жаттығу кезінде жарақат алып қалған.