Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңдегі Гран-при финалы уақтылы өтпейді

news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайда жоспарланған Гран-при кезеңінің финалы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілеме жасап.

Бұл туралы халықаралық конькишілер одағының ресми сайтында жарияланды. Аталған турнир 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына бақылау жарысы болып саналатын.

"ISU өкілдері жарысқа қатысушы бола алатын елдермен логистика мәселелерін талқылады және турнирді белгіленген күндері (ұлттық чемпионаттарға жақын) өткізу мүмкін емес деген қорытындыға келді. Өйткені спортшылар өз еліне оралғаннан кейін карантин аймағына орналастырылуы керек. Гран-при кезеңінің финалының енді қай уақытта өтетіні кейінірек ресми хабарланады", - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер