Роналду және Мессимен бірге ойнаған футболшылардың тізімі жасалды

Роналду және Мессимен бірге ойнаған футболшылардың тізімі жасалды

Босниялық жартылай қорғаушы Миралем Пьянич Криштиану Роналду және Лионель Месси екеуімен де бір командада ойнаған 14-ойыншы атанды, деп жазады Prosports.kz

Пьянич биыл жазда италиялық «Ювентустан» испаниялық «Барселонаға» ауысқан болатын. Ал Пьяничпен бір уақытта «Барселонадан» «Ювентусқа» ауысқан Артур Мело да футбол әлемінің қос мықтысымен бірге ойнаған футболшы атанды. 

Роналду және Мессимен бірге ойнаған футболшылар:

Қорғаушылар: Габриэль Хайнце («Манчестер Юнайтед», Аргентина құрамасы), Эсекьель Гарай («Реал Мадрид», Аргентина құрамасы), Жерар Пике («Манчестер Юнайтед», «Барселона»), Нелсон Семеду (Португалия құрамасы, «Барселона»).

Жартылай қорғаушылар: Фернандо Гаго («Реал Мадрид», Аргентина құрамасы), Деку (Португалия құрамасы, «Барселона»), Андре Гомеш (Португалия құрамасы, «Барселона»), Миралем Пьянич («Ювентус», «Барселона»), Артур Мело («Барселона», «Ювентус»).

Шабуылшылар: Карлос Тевес («Манчестер Юнайтед», Аргентина құрамасы), Хенрик Ларссон («Манчестер Юнайтед», «Барселона»), Гонсало Игуаин («Реал Мадрид», Аргентина құрамасы), Анхель Ди Мария («Реал Мадрид», Аргентина құрамасы), Пауло Дибала («Ювентус», Аргентина құрамасы).

Месси ешкімге керек болмай қалды ма

«Әлемнің құрметті тұлғалары» рейтингінде ең жоғары тұрған спортшы кім

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или