Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Месси ешкімге керек болмай қалды ма

Месси ешкімге керек болмай қалды ма
news-banner7
mobile-news-top

Әлем футболында соңғы бір айда ең көп талқыланған тақырып Лионель Месси болды. Әрине аргентиналық шабуылшы БАҚ бетінде соңғы бір айда ғана танымал болған жоқ, адамдар ол жайлы 15 жылдан бері айтып келеді, деп жазады Prosports.kz.

Бірақ соңғы бір айдағы әңгіменің ауаны бөлек. Месси өзін бүгінгі күнге жеткізген сүйікті «Барселонасынан» кеткісі келетінін ресми жариялады. Футбол жанкүйерлері үшін «Барселона» мен Лионель Месси ажырамас бір тұлға іспетті еді. Өйткені Месси ғасыр басынан бері «Барселонамен» бірге өмір сүріп келеді.

Мессидің балалық шағы Аргентинаның экономикалық дағдарыс дәуіріне тура келді. Соған байланысты отбасылық жағдайы жақсы болған жоқ. Барша жанкүйер қауым білетіндей, бала күнінде оның денсаулығы өте әлжуаз болған. Өсу гормоны тосқындыққа ұшырағандықтан 11 жасында өсіп-жетілуі қатты баяулаған. Тіпті, бойы 1,4 метр көлемінде қалып кету қаупы де туындаған. Оның ай сайынғы емделу қаражатын отбасы түгіл өз еліндегі «Ньюэллс Олд Бойз», «Ривер Плейт» сынды клубтардың да қалтасы көтере бермейтін. Бақытына орай ол «Барселонаның» көзіне шалынды. Каталондық клуб оны емдетіп ғана қоймай, футбол ойнауына тамаша жағдай жасап берді. Әлемдік «жұлдыз» жасады.

Әрине, «Барселона» да бұл саудада зиян шеккен жоқ. Месси каталониялық клубтың көптеген жүлде жеңуіне көмектесті. Бір кездері жер бетінде «Барселонаға» тең келетін клуб болған жоқ. Жеңуге болатын жүлденің бәрін қидай сыпырды. Соның бәрінде Месси команданың маңызды мүшесі болды. Тіпті «Барселонаның» барша клубтық рекоры осы қарға бойы аргентиналыққа тиесілі.

Ендігі мәселе, бірін-бір толықтырған, өзара үйлесім тапқан осы жұп неге ажырамақшы болды?

M7mad بطل اسيا  on Twitter:

Месси не үшін «өз үйінен» кеткісі келді?

Месси 25 тамыз күні клуб басшыларына ресми хат жазып, клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді. Бірақ түптеп келгенде Месси мұндай шешімге бір күнде келген жоқ. Бірнеше жыл бойы жиналған қыжыл, клубтың болашағына деген сенімсіздік, басшылардың жұмысына наразылық оны осындай шешімге жетеледі.

Нашар нәтиже

Биыл «Барселона» 12 жылдан бері алғаш рет жүлдеден құралақан қалды. Ол аздай Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» 8:2 есебімен ойсырай ұтылды. Биылғы сүреңсіз ойын, нөлге тең нәтиже Мессидің «жарылуына» себеп болды.

«Барселона» өткен жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ливерпульге» есе жіберді. Бірінші ойында 3:0 есебімен жеңіске жеткеніне қарамастан, сырт алаңда масқара жеңіліске ұшырады (4:0). Одан бір жыл бұрын да осындай жағдайға тап болған. 2017/2018 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының ширек финалында «Рома» аңызға бергісіз камбэк жасады (Бірінші ойын 4:1 «Барсаның» жеңісі, екінші ойында «Рома» өз алаңында 3:0 жеңіп, келесі кезеңге өтті).

Үш жыл қатарынан орын алған осындай масқара жеңілістерге команда капитаны ретінде Мессидің де жауап беруіне тура келді. Бұл қысым оған оңай тиген жоқ. Алғашқы екі жылдағы жеңіліске кінәлілердің бірі – бас бапкер Эрнесто Вальверде биылғы маусымда қызметінен қуылды. Нашар нәтижеге басты жауаптылардың бірі клуб президенті Жозеп Бартомеу болатын. Бірақ ол бар кінәні өзіне емес, ойыншылар мен бапкерге артты. Месси бастаған ойыншылар бұған наразы болды.

Exit-Strategie

Месси Гризманнды емес, Неймарды сұраған

Команданың құрамын күшейту үшін Месси бұрынғы командаласы Неймардың қайта оралғанын қалаған. Бірақ клуб басшылығы Неймарды емес, Антуан Гризманнды сатып алды. Бұл трансфер капитанға мүлде ұнаған жоқ.

Неймарды сатып ала алмаған Бартомеу Мессидің сенімінен мүлде шығып қалды. Аргентиналықтың ойынша, президент Неймарды сатып алуға мүлде күш салған жоқ. Сол үшін ол бұрынғы клуб басшыларын сағына бастады. Бұрындары Месси клубтың маңызды шешімдеріне араласа алатын. Ал Бартомеу оған мүмкіндік бермеді.

Клубтың құрамына көңілі толмады

Месси мансабын «Баселонада» аяқтағысы келетінін бірнеше мәрте айтқан. Алайда клубтың құрамы әлсіреп, чемпиондыққа таласу қиындай түскендіктен бұл ойынан айныды. Неймар командадан кеткеннен бастап «Барсаның» қуаты әлсірей бастады. Клуб көп ақша шығындап, еш пайдасыз ойыншыларды бірінен кейін бірін сатып алды. Ал олар команданы күшейте алмады.

Oficial: Quique Setién, nuevo entrenador del FC Barcelona hasta 2022 -  Teleprensa

Одан да маңыздысы, клуб басшылары еш негізсіз Кике Сетьенді бас бапкерлікке бекітті. Вальвердені қызметінен босатарда Мессидің пікірін сұраған да жоқ. Ал Сетьеннің жұмысы ойыншыларға мүлде ұнамады. Оған Месси мен Луис Суарес бастап, тіпті жас ойыншыларға дейін қарсы шықты. Суарес гол соққан соң бапкерді келемеждейтін тәсілмен голды тойлады.

Клуб Месси мен Суареске тиімді келісімшарт ұсынбады

Екі ардагер ойыншының да клубпен қазіргі келісімшарты 2021 жылдың маусым айында аяқталады. Клуб Суареспен келісімшартты тек бір жылға ғана ұзартқысы келді. Ал уругвайлық шабуылшы 2023 жылға дейін жарамды келісімшарт сұрады. Бірақ Бартомеу 33 жастағы ойыншыға екі жылдық келісімшарт ұсынғысы келмеді.

Мессиге керісінше екі жылға жарамды келісімшарт ұсынды. Бірақ Месси бас тартты. Себебі ол клубтың болашағына сенімсіз болды. Бәсекеге қабілетті жаңа командаға ауысып, Чемпиондар лигасында топ жарғысы келді.

Рональд Куманның телефон соғуы

Клуб басшылығы тағы да кейбір ойыншылардың қарсылығына қарамай Рональд Куманды бас бапкер етіп тағайындады. Бұл шешімді де Бартомеу өзі қабылдады, Мессимен мүлде ақылдасқан жоқ. Куман өз философиясы бар маман. Кезінде «Валенсияның» тізгінін ұстағанда команда сапындағы көптеген ардагер ойыншыларды қуып жіберген болатын.

Superstar Lionel Messi will den FC Barcelona nach 20 Jahren verlassen

Куман «Барселонада» да сол әркетін қайталайтынын байқатты. Бірнеше ардагер қара тізімге енді. Суарес, Артуро Видаль сынды Мессидің достарынан клубтан кетуді талап етті. Тіпті Мессидің өзіне қоңырау шалып, «жаңа маусымда өзге ойыншылардан ешқандай артықшылығы болмайтынын» ескерткен.

Осының бәрі Мессидің ашуын қозғады. Сөйтіп, клубтан кеткісі келетінін ресми мәлімдеді. 2004 жылы алғашқы ойынын өткезген сәтінен бастап есептегенде, 16 жылдан кейін «Барселонамен» қоштасуға бел буды.

Месси клубта қалатынын мәлімдеді

Месси клубтан кеткісі келетінін ашық мәлімдей сала, барша ақпарат құралы оның қайда баратынын болжай бастады. Бірі «Ювентусқа» ауысып, Криштиану Роналдумен бірге доп тебеді десе, бірі қаржысы көп ПСЖ-ны таңдайды деді. Бірақ көп санды сарапшы «Манчестер Ситиге» барып, бұрынғы бапкері Хосеп Гвардиоламен қайта бас қосады деп сенді. Бұл болжам ойға қонымды еді. Ағылшын клубының құрамы мықты, басты мақсаты Чемпиондар лигасын ұту, қаржысы да мол (Мессиге жақсы жалақы төлей алады). Ең маңыздысы Гвардиола мен Мессидің байланысы қою...

Месси кететінін, Бартомеу жібермейтінін айтып, БАҚ-та айтыс-тартыс басталды. Бұл тартыс ұзаққа созылып барып, Мессидің райынан қайтуымен аяқталды.

Месси әкесі Хорхе Орасио Месси «Барселона» президенті Жозеп Бартомеумен кездесуден кейін осындай шешім қабылдады. Аргентиналық шабуылшы енді каталониялық клубта тағы бір жыл доп тебеді. 2021 жылы жазда келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде өзге командаға ауысады деген ақпарат шықты.

Θετικοί οι αρχηγοί στις περικοπές μισθών λόγω κορονοϊού | Sportime

Неге кете алмады?

Мұның бірнеше себебі бар. Ең бастысы клуб басшылығымен тағы да бір шешімге келе алмады.

Мессидің жоспары бойынша, келісімшартта көрсетілген «кез-келген маусымның соңында келісімді біржақты бұзуына мүмкіндік беретін» тармаққа сүйеніп, клубтан өз бетінше (еркін агент ретінде) кету болатын. Бірақ басшылық бұл мүмкіндік маусым айының соңында аяқталғанын айтып, келісімшартта көрсетілген өтемақы - 700 миллион еуроны төлемесе, ойыншыны ешқайда жібермейтінін қатаң ескертті. Егер Месси келісімді біржақты бұзуға тырысса, «Барселона» оны сотқа беруге дайын болды.

Мессидің өзінің айтуынша, бірінші нұсқа 700 миллион еуроны төлеу болған. Бұл мүлде мүмкін емес. Екінші нұсқа сотта жолығу. Бірақ ол сүйікті командасын сотқа сүйрегісі келмейді. Сол үшін амалсыз клубта қалған.

Месси үшін 700 миллион еуро төлеу мүмкін бе?

Келісімшартта өтемақы 700 млн еуро деп көрсетілген. Бірақ қазіргі таңда бір ойыншы үшін мұнша қаржы төлеу мүмкін емес. Егер бір клуб нақты ұсыныс жасап, 100-200 млн еуро төлеуге дайын болса, «Барселона» бұл ұсыныстан бас тартпас еді. Себебі 33 жастағы ойыншыны мұндай қаржыға сата алса, каталониялықтар үшін сәтті сауда болар еді.

Бұлай дейтініміз, Месси келесі жылы келісімшарты аяқталған соң еркін агент ретінде тегін кетуі мүмкін. Тегін кеткенше, 100 млн болса да қаржыға сатылғаны оң болар еді. Оның үстіне, оның жылдық жалақсы салықты есептемегенде 50 млн еуро. Егер салықты және түрлі сыйақыларды қоссақ, клуб бір Месси үшін жылына 100 млн еуродан артық ақша жұмсайды. Демек, ойыншыны биыл 100 миллионға сатса, бір жылдық жалақысын қосқанда клуб 200 млн еуро пайда табар еді.

Демек, ешбір клуб Мессиді сатып алуға ықылас танытқан жоқ. Ешкім мол өтемақы, жоғары жалақы төлеп егде жастағы ойыншыны қатарға қосқысы келмейді. Тіпті ол Месси болса да!

Айта кетейік, өткен маусымда Месси 44 матчқа қатысып, 31 гол соқты және 26 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер