Boxing-Social: Әлімханұлы бокстың бас сахнасына шығуға әзір

Boxing-Social: Әлімханұлы бокстың бас сахнасына шығуға әзір

Boxing-Social басылымы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мақала арнады, деп жазады Prosports.kz сайты.

– Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінің дарынды боксшыларының саны артып келеді. Болашақ патшалардың толассыз легі бірнеше жекпе-жектен соң әлем чемпионы атағына таласатын болады. 

Қазірдің өзінде Украина мен Өзбекстанның боксшылары бірнеше тұжырымның чемпионы. Бірақ шалғай Окснардта Қазақстанның кезекті әлем чемпионы тыныштықта жаттығып жүр.

Даң залының өкілі Бадди Макгирттің нұсқауларын үнсіз ғана құлақ асып жүрген Жәнібек Әлімханұлы бокстың бас сахнасына шығуға әзір. Ол кәсіпқойға ауыса салысымен кез келген қарсыласқа дайын екенін айтып, тек жеңіске жетіп жүргендермен жұдырықтасты, - деп жазды басылым. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или