Мигель Котто: «Головкин - ұлы чемпион»

Кәсіпқой бокстан WBC чемпиондық белбеуінің иегері пуэрторикалық Мигель Котто «Thaboxingvoice.com» порталына берген сұхбатында Геннадий Головкин туралы ойымен де бөлісті.

- Геннадий ұлы боксшы, нағыз жауынгер. Екеуміздің арамызда кімнің мықты екенін уақыт көрсетеді, – дейді Котто. 34 жастағы боксшы қазіргі кезде бірінші орта салмақ дәрежесінде - 69, 85 келіде өнер көрсетеді. Ал, Головкиннің салмағы 72,5 келі.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарының чемпионы атанып үлгерген Геннадий Пуэрто-Рико боксшымен атақтарын біріктіріп, кездесу өткізгісі келетінін бұрындары айтқан еді.

Мигель Котто мамыр айында мексикалық Сауль Алвареспен кездеседі деген ақпарат тараған. Бірақ ол өзі әлі нақты келісімшарттың болмағанын айтып отыр.

baq.kz сайтының материалдары бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или