Арман Рысбек кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліске ұшырады
Қазан қаласында (Ресей) All Champions Kazan 2020 кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Кеш аясында шаршы алаңға шыққан қазақстандық бокс Арман Рысбек (7-1, 6 КО) кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз беларусьтік Михаил Долголевтпен кездесті. Кездесу 10 раундқа жоспарланған, бірақ төртінші раундтан кейін Рысбек жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесуде екінші орта салмақтағы IBF Europe титулы сарапқа салынған.
Дастан Сәдуұлы ресейлік боксшыдан жеңілді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или