All Champions Kazan 2020: Қазақстандық боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
Бүгін, 27 қыркүйек кеште Қазан қаласында (Ресей) All Champions Kazan 2020 кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Аталған кеште үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді.
Бобыржан Момынов (11-0, 8КО), Арман Рысбек (7-0, 6КО) және Дастан Сәдұлы (3-0, 3КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсмінен өтті.
Айта кетейік, 28 жастағы Бобиржан Момынов (11-0, 8КО) 34 жастағы ресейлік Вагинак Тамразянмен (17-7, 5КО) жұдырықтасады. Арман Рысбек (7-0, 6KO) IBF Europe белбеуі үшін тағы бір жергілікті спортшы Артем Брусовпен (9-0, 8 КО) кездеседі. Ал Дастан Садуұлы (3-0, 3КО) жеңіл салмақтағы WBC Asia белбеуі үшін ресейлік Вилдан Минасовқа (3-0, 2 KO) қарсы жекпе-жек өткізеді.
Салмақ өлшеу нәтижелері:
Бобыржан Момынов (Қазақстан) — 66,25 келі
Вагинак Тамразян (Ресей) — 66,35 келі
Арман Рысбек (Қазақстан) — 75,85 келі
Михаил Долголевец (Беларусь) —76,16 келі
Дастан Сәдуұлы (Қазақстан) — 60,45 келі
Вильдан Минасов (Ресей) — 60,95 келі.