Головкин - Шеремета жекпе-жегі келесі айда өтуі мүмкін

Головкин - Шеремета жекпе-жегі келесі айда өтуі мүмкін

Поляк боксшысы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевски өзінің клиенті мен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жектің күні мен орны туралы инсайдерлік ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос боксшының жекпе-жегінің уақытын бекіту ұзаққа созылған процесс болды. 21 қараша күні жекпе-жек өтуі мүмкін. Олар Калифорнияда өткізуді жоспарлап отыр деп естідім - деп келтірді Василевскийдің сөзін Przegladsportowy.pl.

Еске салайық, Шеремета Головкиннің жекпе-жегі бастапқыда осы жылдың ақпан айында өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ әртүрлі себептермен ол бірнеше рет кейінге қалдырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или