Теннис

Бублик Гамбургтегі ATP турнирінің жартылай финалына өте алмады

Бублик Гамбургтегі ATP турнирінің жартылай финалына өте алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гамбургтегі ATP турнирінің ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың жартылай финалына жолдама беретін матчта Бублик чилилік Кристиан Гариннен 6:3, 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу ұзақтығы: 2 сағат 55 минут. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы сегіз эйс жасады. Үш қайталама қателік жіберіп, сегіз брейк-пойнттың екеуін ғана орындады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер