«Канело» мен DAZN «достаса» ма

«Канело» мен DAZN «достаса» ма

DAZN платформасының өкілдері мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) бірнеше сағаттық келіссөз жүргізді (кейбір мәлімет бойынша, 8-10 сағатқа дейін созылған), деп хабарлайды Prosports.kz.

Келіссөз барысында мексикалықтың келісімді бұзғысы келгені сөз болды, себебі оның пікірінше, клісімдегі шарттар DAZN қызметінің кесірінен орындалып жатқан жоқ.

Инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, DAZN мексикалыққа жаңа келісімшарт ұсынады. Боксшыға әр жекпе-жегі үшін 20 миллион доллар табуға кепілдік беріледі (бастапқыда кепілдендірілген сома 35 миллион доллар болған) және Альварестің қатысуымен өткен әр жекпе-жекті тамашалаған DAZN-ның жаңа қолданушыларынан түскен қаражаттың көп бөлігін алуына кепілдік беріледі. Келісімнің бұл үлгісі Альвареске бастапқы келісімшарттан да көбірек табыс әкелуі мүмкін.

Тараптар дүйсенбіге дейін келісімге келуі керек.

Егер тараптар келіссе, онда «Канело» рингке желтоқсан айында оралуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или