Рыбакина Страсбургтегі WTA турнирінің финалына шықты

Рыбакина Страсбургтегі WTA турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Страсбургте өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина жапониялық Нао Хибиноны 6:3, 6:4  есебімен жеңді. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.

Айта кетелік, Хибино екінші айналымда тағы бір қазақстандық теннисші - Зарина Диясты жеңген еді 

Елена финалда Свитолина - Соболенко кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или