Қазақстандық боксшы ABF титулын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы ABF титулын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (7-0, 7 КО) мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. 

АҚШ-та өткен бокс кешінде Серік Мұсаділов жергілікті спортшы Кент Холландпен (4-6-1, 2 КО) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақта Америка бокс федерациясының (ABF) тұжырымы бойынша Атлантика чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или