Недовесов Форлидегі «Челленджер» турнирінің ширек финалында жеңілді
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов француз Ромен Арнеодомен бірге Форлиде өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптық бәсекесінде жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Недовесов/Арнеодо жұбы ширек финалда босниялық Томислав Бркич пен сербиялық Никола Качичке есе жіберді.
Бір сағат отыз үш минутқа созылған кездесу 6:4, 7:6 есебімен аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или