«НТВ-ПЛЮС» пен «KAZsport» телеарнасының қызметкерлері пікір алмасты

«НТВ-ПЛЮС» пен «KAZsport» телеарнасының қызметкерлері пікір алмасты

Ресейлік «НТВ-ПЛЮС» арнасының тақырыптық бөлім басшысы Сергей Акулинин мен жетекші режиссері Виталий Ганюшкин «KAZsport» телеарнасының қызметкерлеріне екі күндік семинар өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесу екіжақты пікір алмасу түрінде өтті. Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:

Спорттық телеарнаның жұмыс істеу ерекшелігі;

Бағдарлама жасаудағы спорттық режиссердің жұмыс істеу ерекшелігі;

Спорттық көрсетілімдегі режиссердің жұмыс істеу ерекшелігі;

Спорттық көрсетілімдегі комментатордың жұмыс істеу ерекшелігі;

Спорттық көрсетілімдегі редактордың жұмыс істеу ерекшелігі.

Әрбір тақырып талқыланған кезде видео пайланылып, барлығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жиналғандар сұрақ қойып, пікір алмасты.

Екі елдің спорттық телеарналарының жұмыс істеу ерекшелігі айтылды. Мысалы, спорттың қай түрінде, елдің қай аймағында қанша және қандай құраммен жұмыс жасау ерекшелігі салыстырылды. Сонымен қатар, бағдарлама, арнайы репортаж бен деректі фильм жасаудағы әдіс-тәсілдер айтылды.

«НТВ-ПЛЮС» телеарнасының тақырыптық бөлім басшысы Сергей Акулинин комментаторлық пен редаторлық жұмыс, бағдарлама жасау, тақырып таңдау және оны көрерменге көрсетудегі ерекшеліктерге тоқталды. Ал, жетекші режиссері Виталий Ганюшкин көрсетілімді техникалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру, режиссерлік жұмыстың ерекшелігі, спорттың түріне байланысты құрам мен техниканы пайдалану ерекшелігі сияқты тақырыптарды қозғады.

Асхат Сағынаев, «KAZsport» телеарнасының бас редакторы:

Біздің телеарна жұмысын 1,5 жыл бұрын бастаса, ресейлік әріптестеріміз 10 жылдан астам қызмет көрсетіп келеді. Сондықтан техникалық тұрғыдан тәжірибе алмасамыз. Біз ресейлік емес, басқа да шетелдік спорттық телеарналарымен байланысып, семинар өткізіп, тәжірибе алмасып, шеберлігімізді шыңдаймыз.

Семинарда спорттық көрсетілімдерді режиссерлық тұрғыдан дайындау, комментаторлық және редакторлық тұрғыда қалай ұйымдастырылу керек екені айтылды. Пікір алмастық, мәселелер талқыланды.

Сергей Акулинин, «НТВ-ПЛЮС» спорттық телеарналары дирекциясының тақырыптық бөлім басшысы:

Семинар өте қызық өтті. Себебі жиналаған аудитория жас, көздерінде жалын бар екені бірден көрінеді. Ең маңыздысы осы. Олардың өз ісін жақсы көретіні, қызықты бағдарлама жасап, шеберліктерін шыңдағысы келетіні бірден көрінеді.

Семнар өткен екі күнде біз бір-бірімізбен пікір алмастық, ой бөлістік. Мен семинардың да, жиналыстың да дискуссия түрінде өткенін жөн деп есептеймін. Тіпті адамдардың бір-бірімен келіспей, ойын ортаға салуын қалаймын. Сонда ғана жұмыс алдыға басып, барлығына ортақ, дұрыс шешім қабылдауға болады. Сұрақ-жауап, диалог түрінде өткен жиналыстар өте тиімді.

«KAZsport» телеарнасында өткізген семинар барысында көп мәселе қарастырылды. Ресей мен Қазақстанда спорттық хабар тарату ұқсас. Мысалы, билікпен, мекеме басшыларымен келіспеу, аймақтарды дамымай қалуы.

Бірақ, біздің телеарна 90-шы жылдары пайда болған. Сондықтан қандай да болса, бізде жинақталған тәжірибе бар. Міне, біздің семинар өткізуіміздің басты мақсаты да осы. «KAZsport» телеарнасы алдағы уақытта пайда болатын қиындықтар мен мәселелерді дұрыс әрі тез шешуі тиіс.

Біз ешкімге ақыл айтып, жол сілтемек ойымыз жоқ. Сіздердің телеарналарыңыз онсыз да өзінің жолын тауып, дамыйтынына сенімдімін. Себебі сіздерде нағыз кәсіби мамандар жұмыс істейді. Бар ойымыз – пікір алмасып, қай қателіктен қалай сақтану керектігін айту. Сонда сіздер біз сияқты 15 жыл емес, одан да тез дамитын боласыздар деген сенімдемін.

kazsport.kaztrk.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или