Ой қорыту
Басқа

Шонжы ауылында салынып жатқан спорт нысаны неге қирап қалды?

Шонжы ауылында салынып жатқан спорт нысаны неге қирап қалды?
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында салынып жатқан Дене шынықтыру және сауықтыру кешені құлап қалды. Нысанның құрылыс жұмысы 2019 жылы басталған. Биыл жыл соңына дейін аяқталуы тиіс болған. Жалпы құны 1 млрд 171 млн теңгеге жобаланған нысан неге құлады? Бұл сұрақтың жауабын Nege.kz сайты іздеп көрді.

Біз Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахуновқа хабарласып көрдік. Ол: «Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан...», – деп күмілжіп, сөздің ауанын басқа арнаға бұрғысы келді.

Шухрат Нұрахунов, Ұйғыр ауданының әкімі:

«Бір жерінің ғана шатыры түсіп қалған»

– Құрылысы былтыр басталған нысанға қандай жөндеу жұмыстары жүргізіледі?

– Бұл әлі бітпеді ғой...

– Салынып жатқан нысан не себепті құлап қалды?

– Ертең мамандар келеді, экспертиза жасайды. Түсте бір темірі түсіп кетіпті. Оның өзінде толық түспеген, бір жерінің шатыры ғана түсіп кеткен. Қазір анау-мынау деп айта алмаймыз.

– Суретке қарасақ, «бір темірі түскенге» ұқсамайды, жапырылып жатыр ғой...

– Жо-о-қ, жаңа өзім барып көріп келдім ғой. 40х25 болатын бір залының шатыры ғана құлап қалған. Бұл нысанға тапсырыс берген Алматы облыстық Құрылыс басқармасы ғой. Бұл жөнінде солардан сұрап көріңіз. Олар да ертең келеді, жиналыс өткіземіз, содан кейін журналистерге арнайы жауап береміз.

Тілшіміз Алматы облысы Құрылыс басқармасының басшысы Дәурен Жолжановтан мән-жайды сұрамақ болған. Алайда ол әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтынын жеткізді. «Ертең сағат 10-да жиналыс болады. Бұл нысанды салып жатқан – «Лидер НК» құрылыс компаниясы. Басшысы – Марат Қуанышбаев», – деп қысқа қайырды.

Түпнұсқасы: nege.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер