Дияс Страсбургтегі турнирдің екінші айналымына аса қиындықпен өтті
Қазақстандық теннисші Зариня Дияс Страсбургте өтіп жатқан WTA турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз алғашқы айналымда америкалық спортшы Кристина Макхейлді жеңді. 3 сағат 8 минутқа созылған аса тартысты кездесу 6(4):7, 7:7, 7:6(3) есебімен аяқталды.
Екінші айналымда Дияс Хибино - Стефанс жұбының жеңімпазымен матч өткізеді.
Айта кетейік, бұл турнирге тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина та қатысып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или