Бублик Гамбургтегі турнирдің іріктеу кезеңінде сүрінді

Бублик Гамбургтегі турнирдің іріктеу кезеңінде сүрінді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гамбургте (Германия) өтіп жатқан ATP турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің екінші айналымында отандасымыз америкалық Томми Полдан 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бірінші айналымда қазақстандық спортшы Германия өкілі Матс Мораингті 6:2, 7:5 есебімен жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или