Нұрсұлтан Мамаев «Пан Америка Оупен» халықаралық турнирінде үздік атанды

Нұрсұлтан Мамаев «Пан Америка Оупен» халықаралық турнирінде үздік атанды

Қазақстандық таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев АҚШ-тың Портленд қаласында өткен «Пан Америка Оупен» халықаралық турнирінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

58 келе салмақта қарсылас шақ келтірмеген қандасымыз 1 орын алып, көрермен ықыласына бөленді. 68 келі салмақта өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Арман Нукештаев қоланы қанжығасына байлап, 3 орынды қанағат тұтты. Алтынға бірден-бір үміткер Қайрат Сарымсақов 1/8 финалда АҚШ таеквондошысы Марк Лопеске жол беріп қойды. Өз кезегінде Лопес өз салмағында үздік атанғанын айта кетейік.

Бүкіләлемдік таеквондо Федерациясы (WTF) мен Пан Америка таеквондо Одағының (PATU) ұйымдастыруымен өткен беделді турнирде жүздеген кәсіпқой таеквондошы сайысқа түскен.

G-1 санатындағы бұл турнир WTF-тің ағымдағы жылы ұйымдастырған соңғы ресми жарысы болатын. Үш күн бойы үздік таеквондошылар ПУМСЕ және Кируги жекпе-жегінен көрсетілім кездесулерін көрермен назарына ұсынды.

Портлендте өткен ірі додаға елімізден 7 спортшы аттанып, екеуі жақсы нәтиже көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, бостандық еліне қандастарымызды ұлттық құраманың кеңесші бапкері Филипп Пинерд бастап барған болатын.

Қазақстан таэквандо федерациясының ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или