Сырықпен секіруден 26 жыл сақталған әлем рекорды жаңартылды
<span>17 қыркүйек күні Италияның Рим қаласында өткен «Гауһар лигасы» кезеңінде швециялық Арман Дуплантис сырықпен секіруден жаңа рекорд орнатты. </span>
<span>20 жастағы спортшы ашық стадионда 6.15 метрді бағындырып, осыдан 26 жыл бұрын украиналық Сергей Бубка орнатқан рекордтың мұртын бұзды. </span>
<span>1996 жылы Бубка 6.14 метрді еңсерген болатын. Жеңіл атлетиканың жаңа жұлдызы Арман Дуплантис Римдегі «Гауһар лигасы» кезеңінде 6.15 метрді екінші мүмкіндігінде бағындырып, турнир жеңімпазы атанды. </span>
<span><iframe width="592" height="358" src="https://www.youtube.com/embed/JmsPG4TaLT0" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или