«Кремль кубогы» турнирі биыл өтпейді
Ресей теннис федерациясының баспасөз қызметі ВТБ Кремль кубогының жарысы осы маусымда өтпейтіндігі туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Биылғы жылы турнир пандемия кесірінен өтпейді. Өкінішке орай, дәл осындай шешім қабылдау керек болды, қолдан келер қайран жоқ», - делінген РТФ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, ерлер арасындағы жарыс 17-25 қазан аралығында, ал әйелдер арасында 26 қазан мен 1 қараша аралығында өткізілуі керек еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или