Алматы облысында үстел теннисінен оқу-жаттығу жиыны басталды
Алматы облысында үстел теннисінен оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
<span>Бас бапкер Эльмира Әлиеваның айтуынша, спортшылар жаттығу жиынында күніне екі мезгіл жаттығу жасайды. </span>
«Оқу-жаттығу жиынына барлығы 27 спортшы және үш жаттықтырушы қатысып жатыр. Біз қазір карантин аймағындамыз. Жүгіру, фитнес және теориялық жаттығуларды қайталап жатырмыз. Таза аймаққа өткеннен кейін доппен ойнауды жалғастырамыз. Алғашқы аптада үстелде дайындықты пысықтаған соң, спортшылар арасында турнир ұйымдастыру жоспарда бар.
Бұл теннисшілердің жарысты сезініп, тез қалпына келуге көмектеседі. Сонымен қатар, оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң Қазақстанның мини-чемпионатын өткізбекшіміз. Ұзақ үзілістен кейін жаттығуды қайта жалғастырып жатқанымызға қуаныштымыз», - дейді бас бапкер.<br /><br />