Шығыс Қазақстанда шетелдік мамандар жеңіл атлетикадан жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Шығыс Қазақстанда шетелдік мамандар жеңіл атлетикадан жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Өскеменде еуропалық мамандардың басшылығымен жеңіл атлетикадан оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеді. Жаттығу жиынын орташа және ұзақ қашықтыққа жүгіру бойынша Фолькер мен Наталья Вагнер өткізіп жатыр. Өз дистанциясы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген арнайы топтың 10 спортшысы, атап айтқанда, Екатерина Сысоева, Ақбілек Құралбай, Николай Петров, Игорь Хрунин, Никита Евдокимов, Антон Леншин, Тамирлан Бермағанбетов, Татьяна Павлова, Сергей Сухов және Мейірлан Нұрлыбековтер  жаттығу жиынына қатысуға мүмкіндік алған.

Сонымен қатар, шетелдік мамандар өткізетін жаттығуға Қарағанды облысынан сегіз жеңіл атлет арнайы келген. Жаттығу жиынының жоспары бойынша, шетелдік мамандар қазақстандық жаттықтырушыларға да шеберлік сабағын өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны 6 қазанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, жаттығу жиыны барлық санитарлық талапты сақтаумен өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или