Теннистен ашық іріктеу турниріне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Теннистен 2020 жылдың 28 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында Нұр-Cұлтан қаласында өтетін іріктеу турниріне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. ⠀
Турнирге жас шамасына қарай үздік отыздыққа енген (қазіргі уақытта ҰТО-да шұғылданбайтын ойыншылар үшін), 12-16 жастағы (2004-2008 т.ж.) ұлдар мен қыздар қатыса алады. ⠀
Шарттарға сәйкес турнир екі кезеңнан тұрады: топтық кезең және соңғы PLAY-OFF кезеңі. Топтық кезең дөңгелек жүйе бойынша өткізіледі. Сондай-ақ, оның матчтары екі сеттің 6 ойынынан тұрады, 6:6 есебімен - 7 ұпайға дейін тай-брейк ойнатылады. Шешуші сет тай-брейк 10 ұпайға дейін болады. PLAY-OFF кезеңіндегі матчтар 6 ойынға дейінгі үш сеттан тұрады. Есеп 6:6 болғанда - тай-брейк ойнатылады. ⠀
Турнир жеңімпаздарына Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында жаттығуға мүмкіндік беріледі. ⠀
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау және теннисшілердің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында турнир көрермендердің қатысуынсыз, бірақ теннис федерациясының корпоративтік сайтында тікелей эфирде өтеді www.ktf.kz. ⠀
Турнир ережесі және қатысуға өтінім www.ktf.kz Федерация сайтында орналастырылған. ⠀
27 қыркүйек (жексенбі) - тіркеу
28 қыркүйек - 4 қазан - негізгі турнир ⠀
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлттық теннис орталығы