Серхио Мартинес: Головкин немесе Канеломен жекпе-жек өткізуге әлі дайын емеспін

Серхио Мартинес: Головкин немесе Канеломен жекпе-жек өткізуге әлі дайын емеспін

Орта дивизиондағы бұрынғы әлем чемпионы, 45 жастағы аргентиналық Серхио Мартинес рингке оралғаннан кейін болашақ жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, боксшы 2014 жылы Мигель Коттодан жеңіліп, өзінің мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бірақ 21 тамызда Испанияда Серхио күтпеген жерден үлкен спортқа қайта оралып, Хосе Финдиноны нокаутпен жеңді.

Мартинес енді рингке 5 желтоқсанда оралуды жоспарлап отыр. Қарсылас Серхио Гарсия болады. 45 жастағы аргентиналықтың айтуынша, оның басты мақсаты WBA Regular белбеуіне иелік ететін жапондық Риото Муратамен жұдырықтасу.

«Торрелевегада (Испания) рингке шыққанда менде әлі күш бар екенін түсіндім. Шынымды айтсам, мен қандай формада екенімді түсіну үшін тағы екі жекпе-жек өткізуге тура келеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, мен Риото Муратамен жұдырықтасқым келеді. Мен Головкин, Канело немесе Чарло сияқты боксшылар туралы айтпаймын. Бірақ мен төменгі деңгейдегі боксшылармен жекпе-жекке дайын боламын деп ойлаймын. 2021 жылдың соңы - Муратамен жекпе-жек үшін өте қолайлы кезең.

Мен WBA президенті Джилберто Мендеспен сөйлестім. Муратамен жекпе-жек ұйымдастырамын деді. Бұл сөздер мен үшін шешуші болды. Сонымен қатар, менде ешқашан бұл ұйымның чемпиондық белбеуі болған емес. Сондықтан мен бұл мақсатқа қол жеткізгім келеді», - деді Мартинес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или