Юлий Путинцева US Open турнирінен кейін WTA рейтингісінде жоғарылады
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) US Open 2020 турнирінен кейін спортшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисшілер ішінде ең жоғары орында тұрған - Елена Рыбакина. Ол 18-орында тұр. Теннисші АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымынан ұшып кеткеннен кейін бір сатыға төмендеді.
Ал Юлий Путинцева турнирдің ширек финалына шыққан, ол бес орынға жоғарылап, қазір 30-сатыда тұр. Топ-100 қатарындағы тағы бір отандасымыз Зарина Дияс үш сатыға төмендеді. Қазір ол 72-позицияда келеді.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын аустралиялық Эшли Барти ұстап тұр. Румыниялық Симона Халеп екінші орында. Ал үшінші орынға Наоми Осака шықты, ол чех Каролина Плишкованы үздік үштіктен шығарып тастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или