Кукушкин Рим жарысының іріктеу сайысын жеңіспен бастады

Кукушкин Рим жарысының іріктеу сайысын жеңіспен бастады

Қазақстандық Михаил Кукушкин Рим ATP турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

<span>Әлемнің 90-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін рейтингте 184-орында тұрған швециялық Элиас Имермен өткізді. </span>

<span>Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда швециялық спортшының жолы болды - 7:6 (7:3). </span>

<span>Екінші және шешуші үшінші сетте М.Кукушкин ұтылып жатып, таразы басын аудара білді - 6:4, 7:5. Тартысты бәсеке үш сағатқа созылды. </span>

<span>Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін рейтингте 112-сатыдағы жапониялық Таро Дэниелмен таласады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или