ATP жаңадан қосқан жарыстың бірі Нұр-Сұлтанда өтеді

ATP жаңадан қосқан жарыстың бірі Нұр-Сұлтанда өтеді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған турнирлер тізіміне төрт жаңа жарысты қосты.

ATP баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның екеуі Кёльн (Германия), бір-бірден Сардиния (Италия) мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтеді. Астанадағы жарыс 26 қазанға белгіленіп отыр.

Кёльн мен елордадағы жарыстар хард, ал Италиядағы дода топырақ төсенішінде болады. Сонымен, 2020 жылғы жаңартылған турнирлер күнтізбесі мынадай:

14 қыркүйек – Рим.

21 қыркүйек – Гамбург.

27 қыркүйек – «Ролан Гаррос».

12 қазан – Санкт-Петербург, Сардиния, Кёльн.

19 қазан – Кремль кубогы, Антверпен, Кёльн.

26 қазан – Вена, Нұр-Сұлтан.

2 қараша – Париж.

8 қараша – София.

15 қараша – Лондонда ATP-ның қорытынды чемпионаты.

Сонымен қатар әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) күнтізбеге жаңадан Острава (Чехия) турнирін қосты. Хард төсенішінде өтетін бұл жарыс 19 қазанда басталады. Жүлде қоры – 528 500 АҚШ доллары.

Жаңа жарыстардың қосылуы теннис көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, биыл коронавирус індетіне байланысты амалсыздан үзіліс алған теннисшілердің рейтингілік ұпай жинап, көбірек табыс табуына мүмкіндік береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или