Фристайлдан Әлем кубогы. Қазақстандықтар жеңіске жетті

Қазақстандық Юлия Галышева мен канадалық Филипп Марки фристайлдан Әлем кубогы кезеңінің жұптық сайысында топ жарды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кубок финляндиялық Рук қаласында өтті.

Галышева ақтық сайыста канадалық Клоэ Дюфур-Лапуантты артта қалдырды. Канадалық спортшы екінші орын алса, америкалық Ханна Кирни үздік үштікті түйіндеді.

Марки шешуші сәтте жапониялық Се Эндоны жеңді, ал үшінші орынға француз Антони Бенна тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или