Мәдіғали Қарсыбеков: Бізде Олимпиадаға үміткерлер бар

Мәдіғали Қарсыбеков: Бізде Олимпиадаға үміткерлер бар

Шорт-тректен ұлттық құрама елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұзақ үзілістен кейін шәкірттерімен қауышқан бас бапкер Olympic.kz сайтына жаттығу бағдарламасы туралы айтты. Мәдіғали Қарсыбековтың айтуынша, биылғы маусым Олимпиадалық кезеңге дайындық жылы болады.

- Қазіргі таңда Нұр-Сұлтандағы "Алау" мұз сарайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Жоспар бойынша, қатарынан екі жиын болады. Одан кейін Алматыға баруымыз мүмкін.

Биыл ұлттық құраманың алдына қойылған нақты жоспар - Олимпиадаға, Олимпиада алдындағы маусымға дайындалу. Халықаралық күнтізбеде бірқатар жарыстар тұрғанымен олардың тағдыры бізге жұмбақ. Өздеріңіз білетіндей, алғашқы кезеңдер пандемияға байланысты өтпейтін болды. ISU биыл алғаш рет Төрт құрлық чемпионатын өткізеді. Сонымен қатар, ересектер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты да жарыс кестесінде тұр.

Төрт құрлық чемпионатына биыл қатысуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда Олимпиадаға қатысатын үміткерлеріміз бар. Әсіресе, ерлер құрамасындағы спортшыларға үміт артып отырмыз. Осы жарыста спортшылардың маусым алдындағы дайындықтарын пысықтап, тексерейін дегенбіз. Себебі, қыркүйекте Олимпиадаға лицензиялық жарыстар басталады. Жарысқа шықпаса спортшылар қысқа уақыттың ішінде формаға келулері өте қиын.

Жаттығуымызды жүйелі түрде жалғастыруымыз үшін бізге қазіргі таңда оқу-жаттығу жиындарымызды тоқтатпағанымыз дұрыс. Қыркүйек айының соңына дейін Нұр-Сұлтанда болсақ, одан кейін Алматыны көздеп отырмыз. Алматы қаласында толық медициналық тексерістен өтіп, тау бөктерінде жаттығамыз. Бұл әзірге тек жоспар ғана, - дейді бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или