Александр Бубликтің Кицбюэльдегі АТР турирінде жолы болмады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик польшалық Губерт Хуркачпен жұптасып, Кицбюэльдегі ATP турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бублик / Хуркач дуэті аустралиялық Люк Сэвил / Макс Перселл жұбынан 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Еске сала кетейік, Александр Бублик жекелей сында да осы турнирдің бірінші айналымынан өте алмады. Қазақстандық теннисші 5:7, 2:6 есебімен неміс Янник Ханфманға жол берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или