Мейвезердің компаниясымен келісімшартқа отырған жас боксшыны атып кетті
Америкалық жас боксшы Дэниэл Гонсалес (3-0, 0 КО) көз жұмды. Бұл туралы Vringe басылымы хабарлады.
7 қыркүйек күні Морено-Валли қаласында достарымен тұрған Гонсалесті белгісіз біреу атып кеткен. Жас боксшы жедел жәрдем келмей жатып жан тапсырды. Ал достары әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Боксшы 18 жасында Флойд Мейвезердің компаниясымен келісімшартқа отырған. Кәсіпқой боксқа 2017 жылы ғана ауысып келді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или