Анастасия Лаврова: Әлем үздіктеріне қарсы ойнау мен үшін өте қызық

Анастасия Лаврова: Әлем үздіктеріне қарсы ойнау мен үшін өте қызық

Үстел теннисінен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Анастасия Лаврова әлем чемпионатындағы ең есте қаларлық кездесуі туралы айтты.   

«Будапешттегі чемпионатта жарыстың негізгі бөліміне жолдама алып, әлемнің төртінші ракеткасы, әйгілі жапондық спортшы Ишикава Касумимен кездестім. Шыны керек, оның қандай мықты теннисші екенін білгендіктен, қатты қобалжығанымды жасырмаймын. Залдағы атмосфера да ерекше еді. Барлығы суретке түсіріп, телеарналар толассыз жұмыс істеп жатты. Бәрінің назары біздің матчта. Мұндай кезде жауапкершілік те, жылдамдық та арта түседі. Бұл менің спорттық мансабымдағы ең ерекше кездесу еді. Матчтан ләззат алдым деп айта аламын. Атақты спортшылармен жолыққанда жылдам қарсы шабуыл жасап, қызықты комбинациялар ұйымдастыратын үлкен мүмкіндік бар», - дейді Лаврова.

Айта кетелік, үстел теннисінен әлем чемпионаты 2019 жылдың сәуірінде Будапештте (Венгрия) өтті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или