US Open: Путинцева ширек финалда сүрінді

US Open: Путинцева ширек финалда сүрінді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда отандасымыз әлемнің 41-ракеткасы америкалық Дженнифер Брэйдиге есе жіберді. Есеп 3:6, 2:6 болды. 

Брэйди жартылай финалда Наоми Осака - Шелби Роджерс жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Айта кетейік, US Open 31 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 53,4 миллион долларды құрайды.

<h4>US Open: Путинцева ширек финалға шыққаны үшін қанша сыйақы алады</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или