Ғалымбек Кенжебаев: Карантиннен кейінгі дайындыққа арнайы жоспар құрдық

Ғалымбек Кенжебаев: Карантиннен кейінгі дайындыққа арнайы жоспар құрдық

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын бастады. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Olympic.kz сайтына жаттығу жиынның қалай өтетіні туралы айтып берді.

«Ұлттық құрама бүгінде оқу-жаттығу жиынын бастады. Спортшылар жиынға келмей тұрып барлығы өз аймақтарында ПТР-тестін тапсырып, арнайы рұқсатнамамен спорт нысанына кірді. Алғашқы аптада жаттығу жиынын карантин жағдайында ашық ауада өтеді. Санитарлық  талапқа сәкес, карантин режимі аяқталғанша Талғарда (Алматы облысы) боламыз. Одан кейін жоспар бойынша, Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында жаттығуымызды жалғастырамыз.

Оқу-жаттығу жиынын 7 қыркүйектен 5 қазанға дейін төрт апта мерзімінде өткіземіз. Әр аптаға әртүрлі жаттығу бағдарламасын түзіп, спортшылардың физикалық дайындықтарын қалпына келтіруге жұмыс істейміз. Мәселен, тауға шығамыз, тас көтереміз, жұдырықтасамыз. Жылдамдыққа жұмыс істеп, соңғы аптада тактикалық жаттығуыларға көшеміз.

Қазіргі оқу жаттығу жиынына негізгі және қосалқы құрамнан 30 боксшы қатысып жатыр. Барлық карантин талаптарын сақтай отыра, жабық кешенде өтеді. Осы орайда, спортшылар мен жиынға қатысушылар құрама дәрігерінің қатаң бақылауында болатынын айта кеткен жөн», - дейді Ғалымбек Кенжебаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или