Геннадий Головкин британиялық бокс шеберлерінің зәресін алды
Британияның боксшылар менеджері және кәсіпкер Уильям Стори Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жетістіктеріне деген таңданысын жасырмады.
<span>Twitter-де Стори GGG-мен бірге түскен суретін жариялап, кезінде екі әйгілі отандасының Геннадиймен жекпе-жекке шығуға жүрексінгенін айтты.</span>
<span>«Геннадий Головкин – ең ұлы боксшылардың бірі. Қазақстандық нокауттар короліне тарихтағы нокауттардың ең үлкен саны тиесілі. Ол батыл, тәжірибелі және табанды, жекпе-жекке шыққан кез келген боксшыдан тайсалмайды. Карл Фроч және Крис Юбанк сияқты көптеген спортшылар одан қорықты», – деп жазды ол.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или