Қазақстандық боксшының Ресейдегі жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Қазақстандық боксшының Ресейдегі жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Ержан Залилов (11-2-1, 5КО) Ресейде жекпе-жек өткізеді.

12 қыркүйек күні Екатеринбург қаласында өтетін бокс кешінде Ержан Залилов жергілікті спортшы Евгений Ляшковпен (5-1) жұдырықтасады. Алайда жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін.

– Жаттығу аяқталуға жақын. Бірақ бір мәселе туындап тұр, шекара әлі ашылған жоқ. Билетті де ала алмай отырмыз, - деп жазды боксшы. 

Айта кетейік, Ержан Залилов соңғы жекпе-жегін 7 наурыз күні өткізіп, тәжік боксшысы Асрор Вохидовтан жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или