Күзде қай қазақстандық боксшылар жұдырықтасады?

Күзде қай қазақстандық боксшылар жұдырықтасады?

Коронавирус пандемиясының салдарынан бүкіл әлемде барлық спорт іс-шаралары шегеріліп, уақытша өтпей қалған еді. Жағдай тұрақтала басталған соң әлем елдері ақырындап үлкен спортқа оралып жатыр. Спорт кештері көрерменсіз не санаулы ғана жанкүйермен өте бастады. Осының арқасында қазақстандық спортшылар да түрлі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. 

Қазірдің өзінде бірнеше боксшымыздың күздің алғашқы айында жекпе-жек өткізетіні белгілі. Prosports.kz күзде шаршы алаңға шығатын боксшылардың кім екенін теріп шықты.

Қазақстандық боксшылардың арасынан алғаш болып шаршы алаңға Ержан Залилов шығады. Ол 12 қыркүйек күні Екатеринбург қаласында өтетін бокс кешінде жергілікті спортшы Евгений Ляшковпен (5-1) жұдырықтасады.  Ержан Залилов соңғы жекпе-жегін 7 наурыз күні өткізіп, тәжік бокшсысы Асрор Вохидовтан жеңіліс тапқан болатын.

Қазақстандық боксшы Ресейде шаршы алаңға шығады

27 қыркүйекте Қазан қаласында үлкен бокс кеші өтеді. Аталған кеште бірнеше қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Жартылай орта салмақта бақ сынайтын 28 жастағы Бобиржан Моминов (11-0, 8КО) 34 жастағы ресейлік Вагинак Тамразянмен (17-7, 5КО) жұдырықтасады. Кездесу он раундқа жоспарланған. Қос боксшы IBF intercontinental титулын бәске салады.

Бобиржан Моминов америкалық боксшыны қалай жеңді. Видео

Екінші орта салмақта өнер көрсететін 29 жастағы Арман Рысбек (7-0, 6KO) тағы бір жергілікті спортшы, 31 жастағы Гамзат Газалиевпен (4-0, 4KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек форматы - сегіз раунд.

«Golden Contract подписывать не планирую». Арман Рысбек - о спортивных планах

Сондай-ақ, 18 жастағы жас бокс Дастан Садуұлы (3-0, 3КО) да осы кеште рингке шығады. Оның қарсыласы кейінірек белгілі болады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

BoxRec хабарлағандай, Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам 16 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз. Екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам, 2019 жылы ол екі жекпе-жек өткізді: біріншісінде ол доминикандық Хулио Де Хесусты сөзсіз ұтса, екіншісінде африкалық Уолтер Каутондокваны даулы шешіммен жеңді.

Қанат Ислам күзде жекпе-жек өткізеді

Сонымен қатар, Данияр Елеусінов те осы күзде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы оның менеджері Зия Алиев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Данияр Елеусінов Matchroom Boxing компаниясының АҚШ-та ұйымдастыратын бокс кештерінің бірінде шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Боксшы қыркүйектің соңы немесе қазанның басында жекпе-жек өткізіп қалуы мүмкін. 

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жаттығуынан видеосын бөлісті

Бірінші орта салмақ бойынша WBC Youth әлем чемпионы белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов Instagram-парақшасында кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін жазды. Ол қазан айында жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Әзірге қарсыласы белгісіз. 

Чемпион WBC Ахмедов назвал дату возвращения на ринг

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или