Литваға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамы белгілі
Ұлттар лигасы аясында өтетін Литваға қарсы шығатын Қазақстан құрамы белгілі болды.
Қақпашы: Стас Покатилов;
Қорғаушылар: Марат Быстров, Александр Марочкин, Сергей Малый, Нұрәлі Әліп, Ян Вороговский
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Айбол Әбікен, Гафуржан Сүйімбаев, Бауыржан Исламхан (к);
Шабуылшы: Бактиер Зайнутдинов.
Матч Литва астанасы Вильнюс қаласындағы «LFF — Ветра» стадионында өтеді.
С тобында бақ сынайтын қос құраманың ойынына Раде Обренович бастаған словениялық қазылар тобы төрелік етеді.
Литва мен Қазақстан құрамасы бір-бірімен тек бір-ақ рет кездескен. 2014 жылы 5 наурызда өткен жолдастық матч 1:1 есебімен аяқталған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, С тобында Қазақстан құрамасы мен Литвадан бөлек, Албания және Беларусь құрамасы бақ сынайды.
Литва - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталады. Ойынды QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.