DAZN Альварес - Йылдырым жекпе-жегіне қарсы

DAZN Альварес - Йылдырым жекпе-жегіне қарсы

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес келесі қарсыласын әлі таңдаған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оған қарамастан, «Канело» жаттығу жұмысын қалпына келтіріп, рингке қараша айының соңында оралатынын алдын ала жариялады.

Британиялық промоутер Эдди Хирннің айтуынша, DAZN стримингтік қызметі мексикалыққа келесі қарсыласы туралы шешім қабылдауға бір апта уақыт берді. Белгілі болғандай, тек екі нұсқа бар: Каллум Смит немесе Билли Джо Сондерс.

Егер Канело олармен жұдырықтасудан бас тартса, Эдди Хирн Смит - Сондерс жекпе-жегін ұйымдастыруды қолға алады. Екі боксшы да орта салмақтағы чемпиондық белбеулерге ие. Ұлыбританиялықтар бұл жекпе-жекті асыға күтіп отыр.

Сонымен қатар, DAZN орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеу үшін Сауль Альварестің түрік Авни Йылдырыммен жекпе-жегіне қарсы екендігі белгілі болды. Компания мексикалық боксшыны жеңіске оңай жетеді деп санайды.

Еске сала кетейік, Сауль Альварес 2018 жылы DAZN-мен эксклюзивті келісімшартқа отырған. Келісім шартына сәйкес, мексикалық әр жекпе-жегі үшін 33 миллион доллар алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или