Қазақстандық боксшы IBF титулы үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов 27 қыркүйекте жекпе-жек өткізетінін хабарлады.
28 жастағы боксшы Ресейдің Қазан қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Ол 34 жастағы ресейлік Вагинак Тамразянмен (17-7, 5КО) жұдырықтасады. Кездесу он раундқа жоспарланған.
– Келесі жекпе-жегім 27 қыркүйек күні өтеді. IBF intercontinental титулы үшін жұдырықтасамын. Сіздерді жеңіспен қуантамын деп үміттенемін, - деп жазды боксшы.<br />⠀<br />Екінші орта салмақта өнер көрсететін 29 жастағы Арман Рысбек (7-0, 6KO) тағы бір жергілікті спортшы, 31 жастағы Гамзат Газалиевпен (4-0, 4KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек форматы - сегіз раунд.<br />⠀<br />Сондай-ақ, 18 жастағы жас бокс Дастан Садуұлы (3-0, 3КО) да осы кеште рингке шығады. Оның қарсыласы кейінірек белгілі болады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.