Эльмира Алиева: Спортшылар жарысты сағынды

Эльмира Алиева: Спортшылар жарысты сағынды

<span>Үстел теннисінен ұлттық құрама өкілдері жаттығу-жиынына кірісті. Құраманың бас бапкері Эльмира Алиеваның айтуынша, спортшылар қазір тактикалық тұрғыда жаттығуды қайталап жатыр. </span>

<span>- Қазақстан ұлттық құрамасы қазірде жаттығу режиміне үйреніп, қалпына келіп жатыр. 17 тамыздан бастап үстелде екі мезгіл жаттығу жасауға кіріскен. Жасыратыны жоқ, спортшылар жарысты сағынып қалған. Жарысқа шықпайтындықтан тактикалық тұрғыдан дайындығымызды пысықтауды қолға алдық. </span>

<span>15-18 қазан күндері Суперлигада Қазақстан ашық кубогі, чемпионат, Қарағандыда жоғарғы лига өтеді деп жоспарланған. Қазірше тек жоспар бойынша тұр. Осыған байланысты жауапты комиссия әлі ешқандай нақты шешім шығарған жоқ, - дейді бас бапкер.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или