Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын сақтап қалды

WTA жеке және жұптық разрядтар рейтингтерінің жаңарған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 35-орында тұр. Ол екі саты төмен сырғыған. Зарина Дияс 66-дан 69-орынға түсіп қалды.

Көшбасшылар үштігінде аустралиялық Эшли Барти, румын Симона Халеп және Чехия өкілі Каролина Плишкова тұр.

Жұптық разряд рейтингінде Галина Воскобоева 62-орында қалса, Анна Данилина — 126, Путинцева — 172-орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или