Андрей Голубев «Челленджер» турнирінің финалына шықты

Андрей Голубев «Челленджер» турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев пен уругвайлық Ариэл Бехардың жұбы Италиядағы «Челленджер» сериясында финалына шықты.

Жартылай финалда Голубев/Бехар жұбы неміс теннисшілері Янник Ханфманн мен Максимилиан Мартерерді 7:5, 1:6, 10:6 есебімен жеңді.

Осылайша қазақстандық теннисші мен оның жұбы финалда француз теннисшілері Хьюго Гастон мен Тристан Ламазинмен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или