US Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары кімдер

US Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары кімдер

Бүгін қазақстандық теннисшілер US Open 2020 турнирінің бірінші айналымындағы қарсыластарының есімдерін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Британдық Кайл Эдмунд Александр Бубликқа қарсы ойнайды. 25 жастағы спортшы ATP рейтингінде 44-ші орында. Біздің жерлесіміз 51-ші орында.

Қазақстандағы ерлер теннисінің тағы бір өкілі Михаил Кукушкин келесі айналымға шығу үшін Аттила Балашпен шеберлік сынасады. 31 жастағы венгр рейтингте 76-шы орында, ал қазақстандық 90-шы орынға жайғасқан.

Юлия Путинцева (33-ші) WTA-ның 597-ракеткасы АҚШ-тан Меган Монтгомеримен кездеседі. Елена Рыбакина (17-ші) тізімде 107 нөмірі бар украиналық Катарина Заватскаямен ойнайды. Зарина Дияс (66-шы) әлемдегі 61-ракетка америкалық Бернарда Перамен матч өткізеді.

Турнир 31 тамызда басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или