«Көрерменсіз ойын өткізу - бейтарап алаңда ойнағанмен бірдей»
«Ордабасының» бас бапкері Кахабер Цхададзе prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында команданың Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчқа дайындығы туралы айтты.
Еске сала кетейік, шымкенттік клубтың қарсыласы - румыниялық «Ботошани».
- Ең бастысы, біз чемпионатты бастадық. Чемпионат басталғанға дейін жаттығуға мүмкіндік берген клуб президентіне алғыс айтуымыз керек. 3 тамызда Алматыға ұшып келдік, онда үш жолдастық ойын өткіздік. Бұл бізге маусымға дайындалуға көп көмектесті. Үш күнде екі матч өткізгенімізге қарамастан, жігіттер жемісті жұмыс істеді.
Еуропа лигасы туралы арнайы айтатын болсам, «Ботошани» - мықты ойыншылар жиналған үздік клуб. Олардың «еленбеген» командалар себетіне қалай енгені белгісіз. Румыния рейтингте Қазақстанға қарағанда жоғары тұрғанын айта кету керек. «Ботошаниді» қалай жеңуді ойлауымыз керек. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін барлық күш-жігерімізді алдағы матчқа жұмсаймыз.
- Еуропа лигасында жанкүйерлерсіз ойнағалы отырсыздар?
- Жанкүйерлер өз алаңымыздағы ойындарда үлкен рөл атқарады. Бұл ойынның нәтижесіне қатты әсер етеді. Ал қазір көрерменсіз ойнағалы жатырмыз, сондықтан матч бейтарап алаңда өтеді деп айтуға болады.