2021 жылы Алматыда бес жаңа спорт кешені салынады

2021 жылы Алматыда бес жаңа спорт кешені салынады

2021 жылы Алматыда бес жаңа спорттық-сауықтыру кешені салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

<span>«Мақсат – спорт нысандарын халыққа қолжетімді ету, спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру, спорт нысандарын салу, ескіргендерін жаңғырту. Бүгінгі таңда Алматыдағы спорт нысандарының тапшылығы 31% құрайды. Жағдайды қалпына келтіру үшін 2021 жылы жалпы ауданы 15 мың шаршы метрден асатын бес спорттық-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда», - деді Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітов қоғамдық кеңестің отырысында.</span>

<span>Оның айтуынша, бұл кешендерде хореография, көркем гимнастика залдары жұмыс істейтін болады. Сондай–ақ, екі спорт кешенінде бассейн және жекпе-жек залы қарастырылған.</span>

<span>«2020 жылдың екінші жартысында біз құрылысты бастаймыз. Барлық бес спорттық-сауықтыру орталығы орталықтан шалғай орналасқан аудандарда бой көтереді. Яғни, Жетісу, Түрксіб және Медеу аудандарында», - деді спикер.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или