WTF үздіктерді анықтады

Мексиканың Куеретаро қаласында өткен Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының бірінші ресми гала кешінде үздік спортшылар марапатталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Жылдың үздік спортшысы» болып Оңтүстік Корея өкілі Дае-Хун Ли мен ұлыбританиялық Джейд Джонс танылды.

Дае-Хун Ли - Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы (2011, 2013) және екі дүркін WTF Бүкіләлемдік Гран-При сериясының жеңімпазы.

Джейд Джонс – Лондон Олимпиадасының чемпионы, WTF Бүкіләлемдік Гран-При сериясының жеңімпазы әрі үш дүркін күміс жүлдегері.

«Жылдың үздік бапкері» атағы Мексика құрамасының бас бапкері, тегі кореялық Ён-Ин Бангке бұйырды.

«2014 жылғы үздік ұлттықауымдастық» атағы Мексика құрамасына берілді.

Ал «Жылдың ең үздік төрешісі» болып Нейдис Таварез танылды.

Үздік спортшылар мен бапкерлер гала кеш кезінде дауыс беру арқылы таңдалды. Ұлттық қауымдастық пен төрешіні марапаттау комиссиясының 5 мүшесі анықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или