Кукушкин АТР рейтингісінде бір сатыға жоғарылады

Кукушкин АТР рейтингісінде бір сатыға жоғарылады

Халықаралық кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) тамыз айына арналған рейтингті жаңартты.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық Александр Бублик 51-орнын сақтап қалды. Бубликтің еншісінде 965 ұпай бар. Ал Михаил Кукушин бір сатыға жоғарылап, 661 ұпаймен 90-орынға көтерілді.

24 тамыздағы мәліметке сәйкес, АТР рейтингінде сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр. Екінші орында испаниялық Рафаэль Надаль, үшінші сатыда австриялық Доминик Тим орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или