Үстел теннисінен студенттер жарысы өтті

Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалык университеттің спорт кешенінде үстел теннисінен жыл сайынғы дәстүрге айналған ашық турнир өтті, - деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жарыстың ерекшелігі – мұнда тек қана политехтің студенттері ғана емес Алматының барлық жоғарғы оқу орындарының тәлімгерлері қатысуға мүмкіндік алды. Сондықтан турнирге қатысам деушілер жетіп артылған. Таңғы сағат 9-да қыздар сайысы басталды. Ұйымдастырушының айтуынша бұл күні емтихандар өтіп жатқандықтан бірталай бұрымды жарысқа қатыса алмады соның өзінде теннисшілердің саны 40-тан асты.

Үстел тенисiнің – пайда болуы туралы пiкiрлер кереғар. Бiрi Азияда – Қытай немесе Жапонияда туындаған десе, ғалымдардың көпшiлiгi оны XIX ғасырдың II жартысында Англияда король теннисiнiң бiр түрi ретiнде дүниеге келдi деп есептейдi. Қазақстанда үстел теннисiнiң қалыптасуы XX ғасырдың 50 жылдары Украинадан келген үстел теннисiнiң маманы Анатолий Ицкевичтiң есiмiмен байланысты. Елiмiздiң тәжiрибелi жаттықтырушысына айналған Анатолий Ицкевич әлемге қазақтан шыққан тұңғыш үстел теннисiнiң қарлығашы Әлия Серiкбаеваны сыйлады. Алматыдағы №39 мектептiң 4-ші сынып оқушысы болған Әлияның бейнесi «Физкультура және спорт» журналының бiрiншi бетiнен жарқырап шыға келдi. Балауса қазақ қызының келбетiн бүкiл одақ сүйсiне тамашалаған. Одан бері де біраз заман өтті. Ұлттық техникалық университеттің оқытушылары студенттерді салауатты өмір салтына баулып үстел теннисінің үйірмесіне шақыруда.

Жарыстың қорытындысы бойынша қыздар арасында Электроника және байланыс университетінің студенттері жалпы командалық есепте топ жарды. Бірінші орын үстел теннисінен спорт шебері Айя Әлімбаеваға бұйырды. Ал жігіттер арасында өрбіген бәсекеде ҚазҰТУ студенті Михаил Богдановқа тең келер ешкім болмады.

Осылайша Қазақ ұлттық техникалық университеттің 80 жылдық мерей тойына арналған теннис бәсекесі мәресіне жетті. Жарыстың соңынан жеңіпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или